27 шілде күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 27 шілде күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де «Хилтон Гарден Инн Астана» қонақ үйінде «Адам саудасына қарсы күресте ұлттық және халықаралық әріптестікті нығайту» атты халықаралық конференция өтеді.
10.00-де Ұлттық музейде «Ұлы жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» атты көрме ашылады.
10.00-де Ұлттық музейде Берік Молжігіттің «Менің әлемдерім» атты жеке көрмесі өтеді.
11.00-де Ирак Елекеевтің төрағалығымен Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтеді.
11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Астана қаласының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуге азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Таласова. Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы instagram.com/rsk.astana ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР Қарулы Күштерінің цифрлық трансформациясы» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Ахмедиев Дархан Мейрамұлы; ҚР Қарулы Күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы генерал-майор Артықов Бауыржан Шұбайұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы қойылады.