27 тамыз күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 27 тамыз күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.
АСТАНА
10.00-де ҚР Сыртқы істер министрлігінде халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні аясында ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша тақырыптық семинар өтеді. Оған Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Хатшысының қарусыздану мәселелері жөніндегі Жоғары өкілі Изуми Накамицу қатысады.
10.00-де Елордалық кәсіпкерлер палатасында тауар өндірушілер «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында өз өнімдерін ұсынады.
11.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанда мультииндикаторлық-кластерлік зерттеу жүргізу» атты баспасөз конференциясы өтеді.
12.00-де V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған пошта маркасын салтанатты таныстыру рәсімі болады.
14.00-де ЭКСПО алаңында KazAtomExpo халықаралық ядролық технологиялар көрмесі өтеді.
18.45-те Астана қаласының халықаралық әуежайына «Астана» олимпиадалық дайындық орталығының спортшысы Данияр Шаяхметов келеді. Ол Қазақстан тарихында алғаш рет велотректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын.