27 тамыз күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 27 тамыз күні Қазақстан аумағының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және солтүстік-шығысында құбылмалы ауа райы сақталады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбырмен бірге найзағай күтіледі. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Республиканың батысында және солтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Жекелеген өңірлерде тұман, желдің күшеюі, дауыл, бұршақ болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Алматы облысының кей жерлерінде желдің екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.
Жамбыл облысында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с артады. Кей жерлерде тұман, бұршақ күтіледі.
Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл, 15-20 м/с екпіндегі жел, бұршақ болжанады.
Түнде және таңертең Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз Шығыс Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда облысында, Түркістан, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Жамбыл облысының батысында, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.