27 жастағы әйел дүниеге «қансыз сәби» алып келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкада Фонтейн-Вэлли қаласының 27 жасар азаматшасы Дженнифер Хуарес дүниеге «қансыз бала» алып келді.

27 жастағы әйел дүниеге «қансыз сәби» алып келді

Медицинада қаны мүлдем аз болып туатын нәрестелердi "аруақ" деп атайды. Жарық дүние есiгiн ашар кезде нәресте 80 пайыз қанын жоғалтқан және анасына көрсеткен тұста ол аппақ сұлбадай болған, деп хабарлайды ABC.

Дәрiгерлер одан сараптамаға қажет бiр тамшы қанды әзер алды.

«Оның аяғына ине салып, қанын алар кезде мен бiр жамандықтың болғанын сездiм. Бiрақ қан мүлдем шықпай жатты», - дейдi баланың әкесi Джош Хуарес.

Шақалақты бiрден жансақтау бөлiмiне жiбердi: оның бар үмiтi ендi қан құюға келiп тiрелдi. Баланы құтқарып алуға мүмкiн болды, осыдан кейiн баланың әке-шешесi оның есiмiн Хоуп (Үмiт) деп қойған.

Анасының айтуынша, жүктiлiк өте жақсы өткен, алайда құрсақта күнiне он шақты рет қозғалатын ол тууға үш апта қалғанда қимылсыз қалған. Дәрiгерлер нәрестенiң қансыз қалуының себебiн анықтай алмай жатыр.