27 жастағы бойжеткен жарты жылда 196 елді аралап, Гиннестің рекордтар кітабына енді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық саяхатшы Кассандра Де Пеколь жарты жылда 196 елге барып, Гиннестің рекордтар кітабына енді.
27 жастағы қыздың саяхаты 2015 жылдың шілде айында басталған. Кассандра әлемнің барлық еліне барған алғашқы әйел кісі атанды. Сондай-ақ, ол өте қысқа мерзімде саяхаттаған алғашқы саяхатшы болды.
Америкалық ең соңғы болып Йеменге ат басын тіреген. Орта есеппен Кассандра бір елде бір күннен бес күнге дейін тұрақтаған. Сонымен қатар, ол жергілікті тұрғындарға түрлі таныстырылымдар мен дәрістер өткізіп үлгерген.
Саяхаттау үшін ол $200 мың қаржы жұмсаған. Мұның үстіне оған саяхат барысында кездескен танымайтын белгісіз адамдар демеушілік жасап отырған.