27 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 27 желтоқсан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

аңдатпа
Фото: Pexels

12.00-де ҚР Қаржы министрлігінде «Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңін енгізу» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

16.00-де Ұлттық музейде ауған қазақтарының «Уақыт құшағында» атты кілем көрмесі ашылады.

Шараны «Отандастар» қоры мен «ELSANA-AMANAT» қоғамдық қоры ұйымдастырады. 

19.00-де Астана Балет театрында «Щелкунчик» балеті қойылады.

19.30-да Қазақстан Орталық концерт залында ABBA тобының репертуарындағы хит әндер концерті өтеді.