27 желтоқсанда Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 27 желтоқсан күні Қазақстанның үш қаласында ауа сапасының ластануы күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
None
None

Жұма күні Нұр-Сұлтан, Өскемен және Шымкент қалаларында ауа сапасының ластануы күтіледі.

Синоптиктердің болжамынша, Ақтөбе, Алматы, Балқаш Қарағанды, Тараз, Теміртауда жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар