27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады деп күтілуде, жел күшейеді, боран соғады, көктайғақ болады, тұман түседі. Республиканың батысына жоғары қысым алаңы ықпал етеді, ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде, кей жерлерде тұман түседі.
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.
Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с-ке күшейеді, жел екпіні 28 м/с болады. Ақмола облысының бірқатар аймақтарында жел 15-20 м/с-ке күшейеді, түнде және таңертең жекелеген аудандарда тұман түседі деп күтілуде, боран соғады. Жамбыл облысында кейбір жерлерде тұман түседі деп болжануда, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Қарағанды облысының бірқатар жерлерінде боран соғады, тұман түседі, күндіз жекелеген аудандарда жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аудандарында боран соғып, жел 15-20 м/с-ке күшейеді, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Қызылорда, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде, көктайғақ болады. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының бірқатар жерлерінде тұман түседі деп күтілуде. Павлодар облысының жекелеген аудандарында жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Алдағы тәулікте Қазақстанның сулы нысандарында мұз қату үдерісі жалғасады, республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысының жекелеген өзендерінде су деңгейі тұрақсыз болуы мүмкін.