27 жылдан кейін Тегеран-Белград әуе рейсі қайта жаңғырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 жылдан кейін Тегеран-Белград әуе рейсі қайта жаңғырды. 11 наурызда Iran Air әуе компаниясының ұшағы Сербия астанасының әуежайына қонды, деп хабарлайды ИРНА.

27 жылдан кейін Тегеран-Белград әуе рейсі қайта жаңғырды

Ирандағы ең ірі әуе компаниясы болып табылатын Iran Air Белградқа аптасына екі мәрте сейсенбі және сенбі күндері жолаушы тасымалдайтын болды.

Аталған бағыттың жаңартылуына жолаушылар қуанып жатыр. Қазірдің өзінде 2018 жылдың жаз мезгіліндегі барлық билеттер брондалып қойған.

2017 жылы екі ел арасындағы виза мәселесі де шешілгенін естеріңізге сала кетейік.

Фото: irna.ir