273 адамда коронавирус пневмониясы анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 29 тамыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

273 адамда коронавирус пневмониясы анықталды

«27 тамызда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 273 жағдайы және 22 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 113 адам емделіп шықты. 2020 жылдың 13 наурыздан бастап барлық ауырғандар саны – 69 630, 4 386 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 58 406-ға жетті», делінген хабарламада.