13:00, 26 Қазан 2024 | GMT +5
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады
АСТАНА. KAZINFORM - 28-29 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады. Мемлекет басшысы Президент Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен және Премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездеседі.
Сапар аясында бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Аустрияның Федералдық Президентіне құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.