28,8 млн. теңге бюджеттік қаражаттың тиімсіз қолданылуының жолы кесілді - Астана

АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астана қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті алдын алу шараларының тиімділігін арттыру мақсатында ақпараттық ресурстарды қолдана отырып мониторинг жүргізеді

28,8 млн. теңге бюджеттік қаражаттың тиімсіз қолданылуының жолы кесілді - Астана

Аталған жұмысқа Департаменттің техникалық ресурстары күшейтілген Ақпараттық талдау бөлімі белсенді қатысуда.

Бөлім қызметкерлері көтеріңкі бағамен сатып алуға жол бермеу және оны уақтылы анықтау мақсатында, күн сайын мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың сатып алу жоспарларының мониторингін жүргізеді.

Солайша, жыл басынан бастап жіберілген тауарларды сатып алуға жоспарланған бағаларды қайта қарау туралы 7 ұсыныстың нәтижесінде, 28,8 млн. теңге шамасында бюджеттік қаражаттың тиімсіз қолданылуының жолы кесілді.

Мысалға алғанда, ағымдағы жылдың мамыр айында ҚР Халықты әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығымен 1 данасын 72,5 мың теңгеге жоспарлаған принтерлерді сатып алудың алды алынды, мұндай принтерлердің нарықтағы орташа бағасы 48 мың теңгені құрайды. Бөлімнің дер кезінде әрекет етуінің арқасында конкурс өткізілген жағдайда көбіне жымқырылуы ықтимал болатын 7,2 млн. теңге бюджеттік қаражат үнемделді

Сонымен қатар «Қазақ ұлттық өнер университеті» ММ мемлекеттік сатып алуларының жоспары талданып, нәтижесінде компьютерлерді сатып алу бағасы 1 млн. теңгеден артық бағаға асырылып көрсетілу фактісі анықталды. Жіберілген ұсыныстан соң, аталған мекеме сатып алу бағасын қайта қарастырды.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде №67 «Шұғыла» балабақшасында, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 4,3 млн. теңге мөлшеріндегі мемлекеттік қаражатты тиімсіз пайдаланудың алды алынды, деп хабарлады Астана қаласы бойынша Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінен.