28 ақпанда еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын-шашын жауады, солтүстікте көбіне қар жауады. Республиканың тек оңтүстік-шығысында бейсенбі жауын-шашынсыз өтетіні күтіледі. Жекелеген өңірлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

28 ақпанда еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сүйенсек, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысында сондай-ақ тұман болжанады.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с артады.

Ақмола облысының жекелеген жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан облысында күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с күшпен жел соғады, күндіз екпіні 28 м/с артады.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман күтіледі.