28 ақпанға арналған ауа райы болжамы - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 ақпан күні республиканың солтүстік бөлігі антициклонның ықпалы сақталады, қар жауып, жел күшеюі мүмкін. Еліміздің оңтүстік бөлігінде тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

28 ақпанға арналған ауа райы болжамы - Қазгидромет

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Қостанай облысының бірқатар аймақтарында боран соғып, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін барады. Қызылорда облысында, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.