28 қаңтар күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстанда дүйсенбі, 28 қаңтарда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
АСТАНА
10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінде үкімет сағаты өтеді. Тақырыбы: "Салықтық және кедендік әкімшілендірудегі цифрлық технологиялар".
11.00-де Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 71-мектеп лицейге барады.
15.00-де "Үкімет үйінде" ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов "Шикізаттық экспортты дамыту" тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізеді.