28 қаңтар. Туған күн иелері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 28 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

28 қаңтар. Туған күн иелері

null

ЕСІМДЕР

64 жыл бұрын (1955) ҚР Парламент Сенатының депутаты Рашид Төлеутайұлы ТҮСІПБЕКОВ дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Қарағанды қаласының аудандық халық сотында 1981 жылы қараша айында халық судьясы болып тағайындалды. 1984-1999 жылдары - Қарағанды облысы Нұра аудандық соты төрағасы, Қарағанды облысы сотының төрағасы. 1999 жылдың сәуір айынан Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағалығына тағайындалды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты төрағасы міндетін атқарды. 2000 жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің төрағасы болды. 2000-2009 жылдары - Қазақстан Республикасының Бас прокуроры. 2009-2012 жылдары - ҚР Әділет министрі. 2012-2014 жылдары ҚР Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы. 2014 жылғы тамыздан ҚР Жоғары сот кеңесінің төрағасы. Қазіргі қызметінде 2015 жылдың тамыз айынан. 2 дәрежелі «Барыс» орденімен, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталған.

50 жыл бұрын (1969) «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Нематұлы КЕЛІМБЕТОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын, Джорджтаун университетінің (АҚШ, Вашингтон) арнаулы бағдарламасын бітірген. 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңес хатшылығының аға сарапшысы, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау агенттігінің департамент директорының орынбасары, директоры. 1997-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігінің департамент директорының орынбасары. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының бірінші қаржы вице-министрі. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының бірінші қаржы вице-министрі. 2002-2006 жылдары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. 2006-2008 жылдары - «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы. 2008 жылы қаңтардың 23-інде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. 2008 жылғы қазанның 13-інен - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы. 2011 жылғы сәуірден - ҚР Экономика және сауда министрі. 2012 жылғы 20 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. 2013 жылдың қазанынан ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы қызметін атқарды. 2015 жылғы желтоқсан айынан қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен (2005); «Парасат» медалімен (2010) марапатталған.

48 жыл бұрын (1971) «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Сағатханұлы ӘШІМБАЕВ дүниеге келді.

Алматыда туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін бітірген. Саяси ғылымдарының кандидаты. Университетті бітіргеннен соң 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі. 1995 жылғы маусым - қараша аралығында - Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты. 1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары. 1999-2000 жылдары - Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі. 2000-2002 жылдары - Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 2002-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 2005-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (2006-2011); V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (2012-2016); VІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (2016-2018).

Қазіргі лауазымына 2018 жылдың ақпанында тағайындалды.

«Құрмет» орденімен (12.2007); «10 жыл Астана» медалімен (2008); Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2001) марапатталған.