28 қаңтарда елімізде қандай маңызды іс-шаралар өтеді

  АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 28 қаңтар күні өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

11 қазан күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
Фото: Kazinform

АСТАНА

10:00-де Үкімет үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен кеңейтілген отырыс өтеді.

10:30-да Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті депутаттары Курчатов қаласында Ғылым қаласын құру және дамыту тұжырымдамасының жобасын талқылау бойынша жиын өткізеді.

АЛМАТЫ

09:30-да ЕО-Орталық Азия азаматтық қоғамының 5-ші форумы өтеді.

10:00-де «Тұран» университеті Үндістанның коммерция және басқару қауымдастығымен (CMAI) серіктестікте «Жаһандану және тұрақтылық: сын-тегеуріндер, стратегиялар және болашаққа жол» тақырыбында 9-шы халықаралық конференция өткізеді.

10:00-де FCBK Media Day 2025. Өтетін орны: Қонаев көшесі, 77.

Айта кетейік, былтыр 7 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, Олжас Бектенов тізгінін ұстаған құрамның алдына 10 міндет қойған болатын.

Соңғы жаңалықтар