28 қараша. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

28 қараша. СЕНБІ
Шығыс Тимордың Португалиядан тәуелсіздік алған күні. Мереке Шығыс Тимордың Португалиядан тәуелсіз болуы туралы 1975 жылғы декларация құрметіне белгіленген.
Мавритания Ислам Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1960). Мавритания - Африка құрлығының солтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Батыс Сахарамен, Алжирмен, шығысында Малимен, Сенегалмен, батысында Атлант мұхитымен шектеседі. Астанасы - Нуакшот қаласы. Ресми тілі - араб тілі. Ақша бірлігі - угия.
Панаманың тәуелсіздік күні.
1821 жылы 28 қарашада Панама Испаниядан тәуелсіздігін жариялап, Симон Боливар құрған Ұлы Колумбия мемлекетінің құрамына кірді.
Бурунди республикасы күні.
Мемлекеттік мереке 1966 жылғы әскери төңкеріс нәтижесінде Бурунди королі Нтаре V тақтан тайдырылып, Бурунди корольдігі республика болып жариялануы күніне арналған.
Чадта республика күні.
1958 жылы 28 қарашада Француз қоғамдастығы құрамында автономиялық республика болып жарияланды. 1960 жылы тамызда республика Франциядан толық тәуелсіздік алды.
Конго Республикасында республика күні.
Француз қоғамдастығының құрамында Конго-Браззавиль автономиялық республикасы жарияланған күні ретінде атап өтіледі.
Албания Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздігінің және байрағының күні (1912). Албания - Еуропаның оңтүстік-шығысында, Балқан түбегінің батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде және солтүстік-батысында Сербия, Черногориямен, шығысында Македония Республикасымен, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында Мали, Сенегалмен, батысында Адриат теңізімен шектеседі. Астанасы - Тирана қаласы. Ақша бірлігі - лек.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
2 2 жыл бұрын (1992) ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы уақытша импорттық кеден тарифі туралы» Жарлығы жарияланды.
1 7 жыл бұрын (1998) Ұлыбританияда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Уақыт туралы, тағдырлар туралы, өзім туралы» атты кітабы ағылшын тілінде жарық көрді.
1 4 жыл бұрын (2001) қаратеңіздік Новороссийск портынан Теңіз мұнайы тиелген алғашқы танкер шықты.
10 жыл бұрын (2005) Оңтүстік Қазақстан облысында осы заманғы жаңа кеден терминалының ашылу салтанаты болды. «Қазығұрт» кеден бекеті Сарыағаш ауданындағы Қазақстан-Өзбекстан шекарасында орналасқан. Бұл бекет - Оңтүстік Қазақстанда салынған үшінші кеден терминалы. Ол «Жібек жолы» және «Ғани Мұратбаев» бекеттері сияқты «бір аялдама» ұстанымы бойынша жұмыс істейді. Кешен контрабандалық тауарларды, оның ішінде, есірткілерді де тауып алуға, құжаттар мен ақша банкноттарының растығын тексеруге мүмкіндік беретін осы заманғы құралдармен жабдықталған.
10 жыл бұрын (2005) Қызылорда облысының Сырдария ауданында күріш өндіретін жаңа зауыт іске қосылды. Жоба құны үш миллион АҚШ долларын құрайды. Зауыт күніне 300 тоннаға дейін күрішті қайта өңдеп және қаптай алады.
10 жыл бұрын (2005) Павлодардың Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер мұражайы «Жергілікті мұражайларды қолдау» акциясының барысында қала тұрғындары сыйға тартқан 418 жаңа жәдігермен толықты.
Сыйлықтардың арасында Мәдидің тұтынған «Құранын» және Мұхтар Әуезовтің 1947 жылы жарық көрген «Абай» кітабын атауға болады. Олардың екеуі де араб әріптерімен басылған. Мұражайдың кітап қоры павлодарлық танымал қаламгерлер Мұзафар Әлімбаевтың, Нұтфолла Шәкеновтың шығармаларымен, қуғын-сүргін жылдары Ертіс селосында тұрған Сібір жазушысы Ефим Пермитиннің төрт томдығымен, орыстың белгілі ақыны Марина Цветаеваның сіңлісі, өткен ғасырдың 50-інші жылдары Павлодарда тұрған жазушы Анастасия Цветаеваның авторлық қолтаңбасы бар «Естеліктер» кітабымен толықты. Мұражайға атақты әнші Суат Әбусейітовтің жеке заттары мен фотосуреттері келіп түсті. Варна қаласында (Болгария) өткен Халықаралық байқау-фестивалінің жүлдегері жас суретші Лилия Мельник мұражайдың балалар бөліміне көрмеде көрсетілген суреті мен фестивальдің буклетін тарту етті. 10 жыл бұрын (2005) Қызылорда облысының Сырдария ауданында күріш өндіретін зауыт ашылды.
10 жыл бұрын (2005) Алматыда қазақстандық «Ұлытау» аспаптық ансамблінің алғашқы жеке альбомының таныстырылымы болды.
9 жыл бұрын (2006) Алматыда Қазақстанның белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері Леонид Гирштің «Өмір үшін» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Кітапта ардагер майдангердің жас толқынды елін, жерін, халқын сүйіп, оны қорғауға үндейтін әскери және бейбіт тақырыптағы бірқатар өлеңдері мен мақалалары келтірілген.
8 жыл бұрын (2007) С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Арыстан Ғазалиевтің бастамасымен шығарылған «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті үлгісіндегі имиджелогия негіздері» кітабының тұсаукесері өтті.
8 жыл бұрын (2007) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметінің арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
8 жыл бұрын (2007) Президенттік мәдениет орталығында халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Әбіш Кекілбаев туралы түсірілген «Ақ шағылда туған арман», «Парасат биігінде» атты деректі фильмдерінің тұсаукесер рәсімі болды.
Автор бұл деректі фильмдерде Ә.Кекілбаев өмірінің әр кезеңін бейнелей отырып, кейіпкер образын шынайылықпен сомдаған. «Ақ шағылда туған арман» деректі фильмі жазушы Әбіш Кекілбаев туралы баяндай отырып, оның шығармашылығына егжей-тегжейлі шолу жасалған. Ал екінші «Парасат биігінде» фильмінде Әбіш Кекілбаев мемлекет қайраткері, көркемсөз шебері ретінде бейнеленген.
7 жыл бұрын (2008) Талдықорғанда Қазақстан халқы ассамблеясы Алматы облыстық бөлімінің Достық үйі ашылды.
Бүгінгі күні мұнда барлық 23 аудандық ұлттық-мәдени орталықтардың кеңселері орналасқан. Бұл ғимаратта мемлекеттік тілді ғана емес, басқа да ұлттар тілін үйренуге мүмкіндік беретін мультимедиалық және лингофондық орталық, дыбыс жазу студиясы, би залы, 200 орындық мәжіліс залы, 50 орындық «дөңгелек үстелдер» өткізетін конференц залы, 70 орындық кафе бар.
Бас сәулетшісі - Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі Нұркен Белдібаев. Ғимараттың жалпы көлемі - 4207 шаршы метр.
Бұл кітаптың тең авторлары елімізге белгілі ғалымдар, мемлекет қайраткерлері мен саясаткерлер болып табылады. Олардың ішінде Жансейіт Түймебаев, Игорь Рогов, Сергей Дьяченко және т.б. бар.
5 жыл бұрын (2010) Мәскеуде Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтысмақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 14-ші отырысы өтті.
4 жыл бұрын (2011) ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің «KazSat-2» ғарыштық жүйесін ҚР меншігіне беру жөніндегі комиссиясының отырысы өтті.
4 жыл бұрын (2011) Ақтау қаласында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеудің «20 жұлдызды күн - 20 тәуелсіздік шыңы!» атты соңғы кезеңі ресми басталды.
4 жыл бұрын (2011) «Қазақфильм» кинстудиясы «Мың бір түн» ертегісінің желісімен «Араб түндері» деген атаумен түсіріліп жатқан голливудтық жобаның тең продюсері болды.
3 жыл бұрын (2012) Астанада ҚР Тұңғыш Президенті музейінде Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың жеке мұрағатынан экспонаттардың «Тарихи таңдау» атты көрмесі ашылды.
3 жыл бұрын (2012) Алматыда ҚР Орталық мемлекеттік музейінде «Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті» көрмесі ашылды.
3 жыл бұрын (2012) Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Дәуірдің көрнекті қайраткері» кітап көрмесі ашылды. Оған Мемлекет басшысының еңбектері мен оның өмірі мен қызметі туралы жаңа шығармалар қойылды.
2 жыл бұрын (2013) «Хабар» телеарнасында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қанатты сөздерінен тұратын әлеуметтік видеороликтер көрсетілді.
2 жыл бұрын (2013) Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігі араб тілінде «Мемлекеттің негізін қалаушы - Елбасы» журналын шығарды.
Бір жыл бұрын (2014) «Экспо-2014» ТКШ» халықаралық көрмесінде Павлодардан 25 жастағы кәсіпкер Арнұр Нұрғалиев өз жобасын сәтті көрсетті. Тапқыр жігіт осы көктемде ең заманауи технологиялар бойынша сапалы құрылыс-тонтаждау қызметтерін көрсететін компания құрды.
81 жыл бұрын (1934) Қазақ ұлттық мәдени ғылыми-зерттеу институты өз жұмысын бастады.
Қазақ ұлттық мәдени ғылыми-зерттеу институтының мақсаты ұлттық мәдени құрылыс саласындағы барлық ғылыми-зерттеу жұмыстарын интеграциялау және үйлестіру, қорытындылап, ғылыми-зерттеу нәтижелерін бірыңғай базаға салу, Қазақстаның мәдени саясатының іргесін қалау болды.
ЕСІМДЕР
258 жыл бұрын (1757-1827) ағылшын жазушысы және суретші Уильям БЛЕЙК дүниеге келді. 135 жыл бұрын (1880-1921) орыс ақыны БЛОК Александр Александрович дүниеге келді.
127 жыл бұрын (1888-1952) халық ақыны ТӘЖІБАЕВА Айманкүл дүниеге келді.
Қызылорда облысының Қараөзек стансасында туған. Ауыл молдасынан хат танып, қиса-хикаяттарды, Фирдоуси, Низами, Хафиз, Науай, т.б. шығармаларын, Қазан, Уфа баспаларынан шыққан қазақ дастандарын оқып, парсы тілін үйренген. 1915 жылы жұбайы Тәжібай қайтыс болғанда шығарған жоқтауы, басқа да өлеңдері кезінде ауыл арасына кең тараған. Өлеңдері 1937 жылдан жергілікті баспасөзде жариялана бастаған. 1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен онкүндігіне қатысқан. Отан соғысы жылдарындағы жырлары «Ана үкімі», «Аттаныңдар, қыздарым», «Отпен ойнама, өлесің» т.б. шығармалары ақындардың жалпы жинақтарына енген, «ана дауысы», «ана сыры» деген атпен жеке кітап болып бастылды.
8 7 жыл бұрын (1928-1996) биология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері СЫБАНБАЕВ Серікхан дүниеге келді.
Қырғыз ауыл шаруашылығы институтын, Қазақстан Ғылым академиясының аспирантурасын бітірген. 1952-1982 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Зоология институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, ғалым хатшысы, директордың орынбасары, зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1982 жылдан Қазақ педагогикалық институтының профессоры болған. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері паразитология және протозоология мәселелеріне арналған. Ол мал және үй құстары кокцидиоздары мен қан паразит ауруларынан арылу шараларының ғылыми негізін жасаған. Жабайы жануарларда болатын кокцидияны зерттеген. Сыбанбаевтың басшылығымен республиканың ландшафтық-географиялық белдемдеріне арнайы экспедициялар ұйымдастырылған. Оның 4 моноргафиясы мен 150-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрген.
9 1 жыл бұрын (1924-2008) тау-кен инженері, мемлекет және қоғам қайраткері ОМАРОВА Зауре Сәдуақасқызы дүниеге келді.
Қарағанды облысының Ұлытау ауданының Қарсақпай кентінде туған.
Днепропетров тау-кен институтын бітірген.
Еңбек жолын Қарағанды шахталарында бастап, шахта ауысымының бастығы, шахта бастығы қызметіне дейін көтерілген. 1954 жылдан бастап 2 рет КСРО Жоғары Кеңесінің, 6 рет Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланған.1958-1963 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары. 1963-1966 жылдары - Алматы облыстық атқару комитетінің төрағасының орынбасары, төрайымы. 1966-1980 жылдары - Қазақ КСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
«Отан», Ленин, 2 рет Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
80 жыл бұрын (1935-1983) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, аудармашы, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері НӘЖІМЕДЕНОВ Жұмекен Сабырұлы дүниеге келді.
Атырау облысы Құрманғазы ауданында туған. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының ұлт аспаптары факультетін, М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары курсты бітірген.
1959-1965 жылдары - «Жазушы» баспасының кіші редакторы, 1965-1966 жылдары - республикалық «Лениншіл жас» газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі. 1966-1971 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші. 1974-1978 жылдары - Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы, 1978-1983 жылдары «Мектеп» баспасында редакция меңгерушісі қызметтерін атқарған. Тұңғыш кітабы «Балауса» деген атпен 1961 жылы жарық көрді. Алпысыншы жылдардан бастап өлеңдері мен шығармалары, үш романы, аударма кітаптары «Жазушы», «Жалын» баспаларынан жарық көрген. «Балауса», «Сыбызғы сыры», «Жоқ, ұмытуға болмайды», «Күй кітабы», «Мезгіл әуендері», «Ұлым, саған айтам», «Қызғалдақ жайлы баллада», «Темірқазық», «Менің топырағым» кітаптары, үш томдық шығармалар жинағы, «Мен - тамырмын» дастандары, «Қасірет пен қайсарлық», «Жұмекен», «Жаңғырық», «Жарық пен жылу», «Весенние ветры», «Мен туған күн», «Жеті бояу», «Шуақ», «Ашық аспан», «Қыран қия», «Тебе говорю, потомок» толғау, поэмалары мен жырлары, «Ақ шағыл», «Кішкентай», «Даңқ пен дақпырт» атты романдарының авторы. 1967 жылы «Жоқ, ұмытуға болмайды!» атты поэмасы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. Ақын жырлары бірнеше шет ел тілдеріне аударылған.Жұмекен Нәжімеденов мәтінін жазған «Менің Қазақстаным» 2005 жылы әнұран болып бекітілді. Ақынның есімі өзінің туған жері Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы ауылға берілген.
6 1 жыл бұрын (1954) ҚР Парламенті Сенаты аппаратының Экономика, қаржы және бюджет комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі ҮСЕМБАЕВ Әбдіқадір Қазбекұлы дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген, экономист.
Еңбек жолын 1981 жылы Алматы облысының мекемелерінде экономист болып бастады. 1993-1996 жылдары - ҚР Еңбек министрлігінде жұмыспен қамту департаменті инспекциясы бастығының орынбасары. 1996-2001 жылдары - ҚР Парламенті Сенаты Аппаратында консультант, сектор меңгерушісі. 2001-2004 жылдары - ҚР Парламенті Сенаты Аппараты экономика, қаржы және бюджет комитетінің хатшылық меңгерушісі.
Қазіргі қызметінде - 2004 жылғы қыркүйектен бері.
59 жыл бұрын (1956) К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының солисі МОМБЕКОВ Байғали Түймебайұлы дүниеге келді.
Оңтүс тік Қазақстан рблысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының әншлік факультетін бітірген, опералық және камералық әнші, педагог. 1999 жылдан Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі. Қазіргі қызметінде - 2000 жылдан бері.
5 9 жыл бұрын (1956) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі ЖЫЛҚАЙДАРОВ Сәкен Егінбайұлы дүниеге келді.
Алматы облысы Көксу ауданы Куйбышев атындағы ұжымшарда туған. Қазақ политехникалық институтын және Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1979-1993 жылдары Алматы қаласы Совет аудандық комсомол комитетінің хатшысы, «Алматы гортеплокомэнерго» партия комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді. 1993-1996 жылдары - Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары. 1997-1999 жылдары - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімінің бірінші орынбасары. 1999-2011 жылдары - Алматы облысы Талдықорған қаласының әкімі. 2011-2012 жылдары - Алматы облысы әкімінің орынбасары. 2012 жылғы қаңтардан бастап V сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «50 лет Целине», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.
5 5 жыл бұрын (1960) ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының диркторы СЕЙДУМАНОВ Жанат Тұрарұлыдүниеге келді.
Жамбыл қаласында туған. Мәскеу технологиялық институтын, Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын бітірген. Жамбыл қаласында мамандығы бойынша еңбек жолын бастап, химия-технология техникумы комсомол ұйымын басқарды. 1988 жылдан Жамбыл қаласы Зауыт атқару комитетінде жалпы бөлім меңгерушісі, іс басқарушысы. 1991 - жылдан - Жамбыл қалалық атқару комитетінің коммуналдық меншік басқармасында сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің бастығы. 1992 жылдан - Қазақ ұлттық мәдениет қорының бас директоры, Алматы. 1993 жылдан - ҚР баспа және бұқаралық ақпарат министрінің көмекшісі, «Қос қанат» корпорациясының президенті (Алматы). 1994 жылдан - ҚР Баспа және ақпарат құралдары министрлігінің іс басқармасының бастығы. 1995 жылдан - «Қазақкітап» концернінің президенті, «Кітап әлемі» АҚ президенті. 1997 жылдан - қазақстандық-ресейлік «Крау» БК атқарушы директоры. 1999 жылдан - Алматы облысы Талғар ауданының әкімі. 2000 жылдан - Алматы облысы «Инновациялар комитеті» МКК бас директорының бірінші орынбасары. 2003 жылдан - ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының ақпараттақ-талдау бөлімінің сектор меңгерушісі. Қазіргі қызметінде - 2006 жылғы тамыздан бері. «Қазақстан Парламентіне 10 жыл», Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.
4 3 жыл бұрын (1972) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі ҚОҢЫРОВ Айқын Ойратұлы дүниеге келді.
Көкшетау облысы Куйбышев қала үлгісіндегі кентінде туған. Көкшетау мемлекеттік университетін, «Фемида» Қарағанды заң академиясын бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы Куйбышев аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының автобазасында слесарь болып бастаған. 1997 жылдан бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. 2004-2011 жж. «News Print» ЖШС жетекшісі («Московский комсомолец в Казахстане» газетін шығару). 2005-2006 жж. - Алматы қалалық комитетінің екінші хатшысы. Партияны тіркеген мезгілден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚКХП Орталық комитеті аппаратының жетекшісі. 2007 ж. - ҚКХП Орталық комитеті Бюросының мүшесі. 2004 және 2007 жж. - ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына ҚКХП атынан депутаттыққа кандидат болып қатысты. 2007 және 2011 жж. ҚКХП республикалық сайлауалды штабы жетекшісінің орынбасары. 2012 жылғы қаңтар айынан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.
4 1 жыл бұрын (1974) ҚР Ұлттық экономика вице-министрі ӘРІПХАНОВ Айдар Әбдіразақұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. 2000 жылы ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын үздік бітіріп шықты. 2008 жылдары Колумбия университетінде мемлекеттік басқару магистры дәрежесін алды. 1996-2004 жылдары - бақылаушы-ревизор, бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығы, ҚР Қаржы министрлігі департамент директорының орынбасары болып қызметтер атқарды. 2004-2006 жылдары - ҚР Қаржы вице-министрі; 2006 жылдары - ҚР Премьер-министрі Кеңсесі бастығының орынбасары; 2006-2007 жылдары - ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі; 2008 жылы - ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі; 2009-2010 жылдары - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары; 2010-2011 жылдары - «Қазақтелеком» АҚ Басқарушы директоры; 2011 жылғы мамыр айынан бері - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасының Экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.