28 қараша. Туған күн иелері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 28 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

28 қараша. Туған күн иелері

null

ЕСІМДЕР  

83 жыл бұрын (1935-1983) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, аудармашы, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері  Жұмекен Сабырұлы НӘЖІМЕДЕНОВ дүниеге келді. Атырау облысы Құрманғазы ауданында туған. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының ұлт аспаптары факультетін, М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары курсты бітірген. 1959-1965 жылдары - «Жазушы» баспасының кіші редакторы, 1965-1966 жылдары - республикалық «Лениншіл жас» газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі. 1966-1971 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші. 1974-1978 жылдары - Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы, 1978-1983 жылдары «Мектеп» баспасында редакция меңгерушісі қызметтерін атқарған. Тұңғыш кітабы «Балауса» деген атпен 1961 жылы жарық көрді. Алпысыншы жылдардан бастап өлеңдері мен шығармалары, үш романы, аударма кітаптары «Жазушы», «Жалын» баспаларынан жарық көрген. «Балауса», «Сыбызғы сыры», «Жоқ, ұмытуға болмайды», «Күй кітабы», «Мезгіл әуендері», «Ұлым, саған айтам», «Қызғалдақ жайлы баллада», «Темірқазық», «Менің топырағым» кітаптары, үш томдық шығармалар жинағы, «Мен - тамырмын» дастандары, «Қасірет пен қайсарлық», «Жұмекен», «Жаңғырық», «Жарық пен жылу», «Весенние ветры», «Мен туған күн», «Жеті бояу», «Шуақ», «Ашық аспан», «Қыран қия», «Тебе говорю, потомок» толғау, поэмалары мен жырлары, «Ақ шағыл», «Кішкентай», «Даңқ пен дақпырт» атты  романдарының авторы. 1967 жылы «Жоқ, ұмытуға болмайды!» атты поэмасы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. Ақын жырлары бірнеше шет ел тілдеріне аударылған.Жұмекен Нәжімеденов мәтінін жазған «Менің Қазақстаным» 2005 жылы әнұран болып бекітілді. Ақынның есімі өзінің туған жері Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы ауылға берілген.

72 жыл бұрын (1946) Қазақстан Республикасы Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті ХУДОВА Любовь Николаевна дүниеге келді.

Ол Түркіменстанның Мары қаласында дүниеге келген. 1969 жылы Ташкент тоқыма институтын инженер-технолог мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1969 жылы «Казгипротехнолегпром» институтының бас маманы болып бастаған. 1976 жылы Ленинград тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институтының аспиранты болған.  Біраз жылдар бойы «Казгипротехнолегпром» институтының басшылық қызметтерін атқарған. 1988  жылдан - Алматы технологиялық институтының доценті, 1995 жылдан - Азаматтық авиация сервис колледжінің оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі директордың орынбасары, 1997 жылдан - «Сымбат» сән академиясы ғылым жөніндегі вице-президенті, 1998 жылдан - «Сымбат» сән бизнес университетінің ректоры. 1999 жылдан - ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры.

Қазіргі қызметінде - 2003 жылдан бері.

58 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Жанат Тұрарұлы СЕЙДУМАНОВ дүниеге келген.

Ол Жамбылда (қаз. Тараз) туған. Мәскеу технология институтының механика-технология факультетін бітірген, инженер-технолог (1984); Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының экономика факультетін тамамдаған, ұйымдастырушы экономист (1994).

Еңбек жолы: Жамбыл қаласындағы тұрмыстық жиһаздар фабрикасының инженер-технологі (1984-1985); Жамбыл қаласы, химия-механикалық техникумының комсомол комитетінің хатшысы (1985-1988); Жамбыл қаласы Заводской аудандық атқару комитетінің жалпы бөлімінің меңгерушісі, комитет істерін басқарушы (1988-1991); Жамбыл қалалық атқару комитетінің коммуналдық меншік басқармасының сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің бастығы (1991-1992); Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық мәдениет қорының бас директоры (1992-1993); ҚР баспасөз және бұқаралық ақпарат министрінің көмекшісі (02.1993-07.1993); Алматы қаласындағы «Қос қанат» корпорациясының президенті (1993-1994); ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің істер басқармасының бастығы (1994-1995); «Қазақкітап» Республикалық мемлекеттік концернінің президенті, ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің «Кітап әлемі» АҚ президенті (1995-1997); «Крау» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорнының атқарушы директоры (1997-1999); Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласының әкімі (1999-2000); Алматы облысы «Инновациялар комитеті» МҚК бас директорының бірінші орынбасары, (2000 жылдан); ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының ақпараттық-талдау бөлімінің сектор меңгерушісі (2003-2006); ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры (2006-2016).

Қазіргі лауазымын 2016 жылдың мамырынан бері атқарып келеді.

«Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медалімен наградталған (2006).

46 жыл бұрын (1972) VI шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі  Айқын Ойратұлы ҚОҢЫРОВ дүниеге келді.

Ол бұрынғы Көкшетау облысы Куйбышев қала үлгісіндегі кентінде туған. Көкшетау мемлекеттік университетін, «Фемида» Қарағанды заң академиясын бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы Куйбышев аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының автобазасында слесарь болып бастаған. 1997 жылдан бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. 2004-2011 жж. «News Print» ЖШС жетекшісі («Московский комсомолец в Казахстане» газетін шығару). 2005-2006 жж. - Алматы қалалық комитетінің екінші хатшысы. Партияны тіркеген мезгілден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚКХП Орталық комитеті аппаратының жетекшісі. 2007 ж. - ҚКХП Орталық комитеті Бюросының мүшесі. 2004 және 2007 жж. - ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына ҚКХП атынан депутаттыққа кандидат болып қатысты. 2007 және 2011 жж. ҚКХП республикалық сайлауалды штабы жетекшісінің орынбасары. 2012 жылғы қаңтар айынан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.

Қазіргі қызметінде - 2016 жылдың наурызынан.

44 жыл бұрын (1974) «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ төрағасы  Айдар Әбдіразақұлы ӘРІПХАНОВ дүниеге келген.

Ол Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, экономист (1995); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатия академиясын (1998-2000); Колумбия университетінің магистратурасын (2008) бітірген.

Еңбек жолы: ҚР Қаржы министрлігінің Сыртқы қарыз алу комитетінің бағдарламалық және әлеуметтік қарыздар бөлімінің бас маманы (1997-1998); Мемлекеттік сыртқы қарыз алу және мемлекеттік кепілдер басқармасының бағдарламалық және әлеуметтік қарыздар, қарыздарды жүзеге асыру бөлімдерінің жетекшісі, Үкіметтік қарыздар және мемлекеттік кепілдер басқармасының жетекшісі, Қаржы министрлігінің мемлекеттік қарыз және кредиттеу департаменті директорының орынбасары (1998-2004); ҚР қаржы вице-министрі (2004-2006); ҚР Премьер-Министрі кеңсесі басшысының орынбасары (02.2006-11.2006); ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (2006-2007); ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі (01.2009-03.2009); ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары (2009-2010); «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры (2010-2011); «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық акционерлік компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2011-2015); Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық акционерлік компаниясы» АҚ басқарма төрағасының уақытша міндетін атқарушы (03.2015-11.2015); ҚР ұлттық экономика вице-министрі (2015-2017); «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ төрағасының орынбасары (01.2017-12.2017).

Қазіргі лауазымын 2017 жылғы желтоқсаннан бері атқарып келеді.

43 жыл бұрын (1975) «ForteBank» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы ӘУЕЗОВ Мағжан Мұратұлы дүниеге келген.

Ол Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Халықаралық қатынастар факультетін, АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы Джорджтаун университетін халықаралық экономика (1996), Нью-Йорктегі Колумбия университетін халықаралық қаржы және банк ісі (1998) бағыттары бойынша бітірген, Амстердамдағы АБН АМРО Банк Академиясының басқарушы кадрларды дамыту бағдарламасы бойынша Уортон бизнес мектебінің (АҚШ, Филадельфия, Пенсилвания университеті) түлегі.

Еңбек жолы: «Ньюгейт Менеджмент Ассосиетсте» (Нью-Йорк, АҚШ) қаржы аналитигі (1997-1998); «АБН АМРО Банк Қазақстан» АҚ-ында жетекші менеджер, сауда операцияларын қаржыландыру бөлімінің бастығы, несие құрылымы басқармасының бастығы, несие департаментінің директоры (1998-2002); әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде аға оқытушы (2002-2007); «Қазкоммерцбанк» АҚ Басқарма мүшесі - Басқарушы директоры (2002-2015); «БТА Банкі» АҚ Басқарма төрағасы (2014-2015); «Қазкоммерцбанк» АҚ Басқарма төрағасы (2015-2016); Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы (04-2016-12.2016). 2016-2018 жылдары  «ForteBank» АҚ басқарма төрағасы болған.

Қазіргі қызметінде - 2018 жылдың наурызынан.

ҚР Қаржыгерлер қауымдастығының «Еңбегі сіңген қаржыгер» қоғамдық орденімен; «Астанаға 10 жыл», «Теңгеге 20 жыл» «Кузбастың дамуына зор үлес қосқаны үшін» медальдарымен марапатталған.