28 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жел соғады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар жауып, оңтүстіктің таулы аудандарында мол жауын-шашын түседі. Кей жерлерде екпінді жел тұрып, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

28 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жел соғады

Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді. Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 25 м/с болады,  түнде кей жерлерінде  тұман  түседі.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, тұман, бұрқасын болады. Қостанай облысында көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз  бұрқасын болады. 

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, Түркістан, Жамбыл облыстарында желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ға дейін күшейеді.

Павлодар, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қарағанды, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.