28 қарашада өтетін маңызды оқиғаларға шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 28 қараша күні елімізде өтетін ең маңызды оқиғаларға шолуды ұсынады.
Сағат 10:00-де Үкімет үйінде Министрлер кабинетінің мүшелері бас қосып бірқатар мәселені талқыға салатын болады.
Дәл осы уақытта «Қазмедиа орталығында» «Болашаққа көзқарасы!» деп аталатын мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық қолдауға бағытталған WEB-форум жұмысын бастайды.
Сонымен қатар осы уақытта ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарының, Ресейдің Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры директорының, Алмабы облысы әкімдігі өкілдерінің, мүдделі мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың өкілдері бас қосады.
Ал 10:00-де Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР Тұңғыш Президенті күнінен арналған «Мен қазақстандықпын!» деп аталатын Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар форумы өтеді.
10.00-де Елбасы кітапханасында ҚР Тұңғыш Президенті күні мен елордамыздың Астанаға көшірілуінің 20 жылдығына арналған «Бірізділік жіне бірлік Н.Ә.Назарбаев моделі және қазақстандық жол» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталады.
Сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Елшісі Тимур Оразаев брифинг өткізеді.
Дәл осы уақытта Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен кездесу болады.
Ал 16:00-де ҚР Қаржы вице-министрі Р.Бекетаевтың төрағалымен консультативтік органның кезекті отырысы өтпек.
16:20-де Орталық коммуникациялар қызметінде робот техникасынан өткен халықаралық олимпиада жүлделі орындарға ие болған Назарбаев зияткерлік оқушыларының қатысуымен баспасөз мәслихаты болады.
Сағат 17:00 «Тілеп» қобыз сарайында Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Тәуелсіздік күніне орай «Тіл - тәуелсіздік тірегі» атты кеш өткізеді.
АЛМАТЫ
08:30-да Rixos Almaty қонақ үйінде XII Инновациялық конгрес пен Инновациялық жобалар көрмесіне арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.
Сағат 10:00-де Достық үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы жастардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, «Бірлігің мықты жастар - болашаққа жол бастар» акциясы жария етіледі.
Дәл осы уақытта ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты «қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру: проблемалар мен шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын бастайды.
Ал сағат 11:00 InterСontinental Almaty қонақ үйінде өтіп бара жатқан жыл ішіндегі польяк-қазақ ынтымақтастығының қорытындысын шығаруға арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
12:00-де «Ramada Almaty» қонақ үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласының белсенді азаматтарының форумы ұйымтастырылады.
Қарағанды облысы
Сағат 14.30-де Қарағанды облыстық ТЖД «Қысқы маусымдағы өрт қауіпсіздігі» тақырыбында брифинг өткізеді.
Ақмола облысы
Көкшетау қаласында Өңірлік коммуникациялар қызметінде табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Е.Есіркеповтің қатысуымен брифинг болады.