28 қарашаға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде циклонның ықпалымен кей жерлерде жаңбыр жауады деп күтілуде. Республиканың оңтүстігі және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарында, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-ке күшейді. Алматы, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман түседі, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с-ке күшейді, жел екпіні 25 м/с. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ болады деп күтілуде, тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-ке күшейді. Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-ке күшейді.
Жақын тәуліктерде Қазақстанның солтүстік бөлігінің көптеген өзендерінде мұз қалыптасу үрдісі жалғасады, соған байланысты республика шығысының жекелеген өзендерінде су деңгейі тұрақсыз болады деп күтілуде.
Қызылорда облысының аумағында Сырдария өзенінің арналарын реттеу есебінен өзендегі су деңгейінің тұрақсыздығы байқалады. Республиканың оңтүстігі және оңтүстік-шығысының су нысандарында жоғары температура аясында су жылынады деп күтілуде, Алматы облысының жекелеген өзендерінде мұздар ериді.