28 қазанда әлемдік мұнай бағасы өсті
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Сәрсенбі күні әлемдік мұнай қымбаттады.
Сауда мәліметтеріне сәйкес, Brent маркалы мұнайдың фьючерстерінің бағасы 1,58 долларға немесе 1,39%-ға өсіп, барреліне 115,46 доллар болды.
WTI маркалы мұнайдың бағасы 1,29 долларға немесе 1,29%-ға көтеріліп, барреліне 101,19 долларға жетті.
Ал ресейлік Urals маркалы мұнай 0,70 долларға немесе 0,61%-ға арзандап, барреліне 114,37 доллар болды.
Түркия, Сауд Арабиясы, Пәкістан және Иран елдері өңірлік мәселелер, соның ішінде бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайту мақсатында диалогты жалғастыруға келісті.
Бұл туралы 26 қазанда Тегеранда өткен төртжақты кездесудің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемеде айтылған.
Еске салсақ, бұған дейін мұнай бағасы Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты төмендеді.