01:58, 22 Қазан 2015 | GMT +5
28 қазаннан бастап YouTube ақылы жазылу жүйесін енгізеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 қазаннан бастап YouTube видеохостингіне жазылу ақылы болады. Жаңа жүйе видео көру кезінде пайда болатын жарнамалық роликтерден құтқарады. Бұл туралы интернет-портал таратқан хабарламада айтылған, деп жазады ТАСС.

Жазылу жүйесінің атауы - YouTube Red, оның құны айына $9,99 болмақ. Осы ақша үшін қолданушылар еш шектеусіз видеолар көре алады және интернетке қосылмай-ақ оларды жүктей алады. YouTube Red стол компьютерлеріне де, мобильді құрылғыларға да қолжетімді.