28 қыркүйек күні елімізде ауа сапасы қандай болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма, 28 қыркүйек күні Қазақстаннның үш қаласында ауа сапасы атомосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

28 қыркүйек күні елімізде ауа сапасы қандай болады

Синоптиктердің мәліметтеріне қарағанда, Қарағанды, Балқаш және Теміртау қалаларында ауа ластанып, жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.