28 қыркүйек күні республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз

АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 қыркүйек күні Қазақстанның көптеген бөліктерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың шығысы және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде жаңбыр жауып, таулы аймақтарында жауын-шашын жауады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
None
None

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріледі. Алматы облысында, күндіз Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 18 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде, түнде және таңертен Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 1-3 градусқа дейін күн суытады. Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар