28 қыркүйекте Қазақстанда өтетін маңызды шаралар тізбесі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігі 28 қыркүйекте Қазақстанда өтетін маңызды шаралар тізбесін ұсынады.
None
None

10:00-де Kazzhol Astana Hotel ҚР Дін істері және азамттық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің ұйымдастыруымен  «Жастарды рухани тәрбиелеу мен радикалды діни ағымдарға қарсы иммунитетін қалыптастыруда әйелдер ұйымдарының рөлі» тақырыбында республикалық конференция өтеді.

Шараға ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Парламенті Мәжілісі, мемлекеттік органдар өкілдері, дінтанушы ғалымдар сарапшылар қатысады.

Жиын барысында әйелдер мен жастар ұйымдарының деструктивті діни ағымдарға қарсы нөлдік төзімін қалыптастыру мәселелері талқыланады.

10:00-де ҚР Музейінде «Полиэтникалық қоғам мен қазіргі заманғы мемлекет: ұлттық даму стратегиясы» халықаралық сарапшылар форумы өтеді.

Іс шараға ҚХА хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысады.

Күн тәртібінде қазіргі замандағы сын-қатерлерге қарсы Н.Назарбаевтың жалпы ұлттық бірлік қоғамдық келісім қазақстандық моделінің қаншалықты жауап беретіндігі, қоғам санасын жаңғыртуда ҚХА институты рөлін айқындау мәселелері қаралады.

Форумның қорытындысында Қазақстанда ғана емес әлемдегі конфессияаралық татулық пен мәдени әртүрлілікті сақтау және көбейтудің практикалық нұсқаулықтары қабылданады.

10:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде Google Translate жүйесінде қазақ тілін дыбыстық аударма сервисіне қосу шарасы өтеді.

(Voice-to-Text технологиясы)

Спикер ретінде «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының өкілі Рауан Кенжеханұлы мен «Beeline Казахстан» корпоративті коммуникациялар директоры Алексей Бендзь сөйлейді.

10.00-де «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында «Партияның сайлауалды бағдарламасының жоғары технологиялараның дамуы» жайлы комиссия отырысы өтеді.

Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары қатысады.

11:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ЭКСПО-2017 алаңында көрсетілген ауыл шаруашылығы саласының жаңа технологиялары туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева, «КазАгро»АҚ басқарма төрағасының орынбасары  Гүлназ Атамқұлова, «Трансферт пен агротехнологияларды коммерцияландыру» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Азамат Садықов сөз сөйлейді.

11:00-де «Казгидромет» РГП зертхана басшысы Дана Аманбаева тестіленіп жатқан ноухау - экологиялық бақылаудың фин технологиясының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы айтып береді.

AQT-420 құралын «Казгидромет» мамандары 2017 жылдың шілдесінен сынақтан өткізіп келеді.

11:00-де ҚР Әділет министрлігі «Адвокаттық қызмет пен заңдық көмек» туралы заң жобасын талқылауға арналған Қоғамдық кеңес өткізеді.

12:00-де «Тілеп қобыз» сарайында «Абай - дана, Абай дара қазақта» атты байқау өтеді.

Байқауда Абай шығармашылығы арқылы қазақ мәдениеті мен әдебиетіне деген қызығушылықты ояту көзделген. Әр ұйымнан атап айтқанда, ҰҚК, ІІД, №10 емхана, спорт мектептерінің ұжымдарынан 5 адамнан қатысады.

12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстандағы газ саласы мен мұнайды тереңнен өндіру  тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Іс шараға ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев пен министрліктің департамент директоры Қуаныш Құдайбергенов «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ директоры Манас Тасыбаев қатысады.

15.00-де «Астаналық» сауда үйінде Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті «Қауіпсіз тағамды таңда» акциясын ұйымдастырады.

Бұл шара халықтың қауіпсіз, пайдалы азық-түлік таңдау бойынша халықтың білімін арттыруға бағытталған. Ұлттық сараптама орталығының мамандары тегін түрде зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

15:20-да «Үкімет Үйі» ғимаратында ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің азаматтардың денсаулығын қорғау мен сапалы медициналық көмек алу аясында конституциялық құқықтарын сақтау бойынша қызметін талқылайтын болады.

Жиынға ҚР ДСМ басшысы Елжан Біртанов қатысады.

15:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттің ашықтығы мен есептілігі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи саясаттың негізі» тақырыбындағы ғылыми практикалық конференция өткізеді.

Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев, БҰҰ өкілі Мунхтуи Алтангерел, «Транспаренси Казахстан» қорының атқарушы директоры Наталья Ковалева қатысады.

17.00-де Бейбітшілік және Келісім сарайында «Менің тілім - ұлы дала рухы» фестивалі өтеді. Айта кеткен жөн, Астанада жыл сайын Қазақстан тілдері фестивалі өтеді.

1 ай бойы барлық мекемелерде түрлі шаралар ұйымдастырылады.

Бірінші рет әр салада мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосқан азаматтарға Астана әкімінің атынан «Тіл тұғыры» сыйлығы берілгелі отыр.

Іс шара барысында Алтынай Жорабаева, Ибрагим Ескендір, Маржан Арапбаева, Қуандық Рахым ән шырқайды.

Аманжол Әлтай, Данияр Елеусінов, Тұрсынбек Қабатов пен Айбек Нұғымаров кештің қонақтары болады.

 

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум