02:08, 28 Мамыр 2016 | GMT +5
28 мамырда Қазақстанның кей аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз
АСТАНА.ҚазАқпарат - 28 мамыр күні Қазақстанның кей аймағында жауын-шашынды болып, найзағай ойнайды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен хабарлады.

Тек, республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей ей жерлерінде желдің күшеюі күтіледі.
Ақмола, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай. Павлодар, Қарағанды облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, жел 15-20 м/с болады.
Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз найзағай, шаңды дауылмен күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Атырау, Маңғыстау облысының кей жерлерінде күн қатты ысиды.