28 маусым күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

аңдатпа
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 28 маусым күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

АСТАНА

9.00-де Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық онкологиялық хирургтар қоғамымен бірлесіп «Тиреоидологиядағы мультимодальды тәсіл» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

9.30-да «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталовтың төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Іскерлік кеңесі Алқасының 25-ші отырысы өтеді. Шара барысында ШЫҰ-ға мүше елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мәселелері мен перспективаларын талқылау жоспарлануда.

10.00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді.

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Парижде өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындық» атты баспасөз конференциясы өтеді.

Соңғы жаңалықтар