28 маусым күні республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 маусым күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ болуы ықтимал. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.
None
None

Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан,  Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл,  Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ болуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Алматы, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, бұршақ болуы ықтимал,  жел 15-20 м/с  күшейеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.  Түнде Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Атырау, Қызылорда  облыстарының  кей жерлерінде  өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар