28 маусым. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат жұма, 28 маусымға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

28 маусым. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР


null 62 жыл бұрын (1957) Қазақстан Республикасының белгілі мемлекет қайраткері Болат Бидахметұлы ЖӘМІШЕВ дүниеге келді.

Талдықорған (қазіргі Алматы) облысында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (1981), Қазақ экономика және АӨК ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолы: кеңшар агрономы (1981-1984); Қазақ экономика және АӨК ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының аспиранты, кіші ғылыми қызметкері (1984-1992); Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі перспективалық зерттеулер орталығының директоры, Зерттеулер және статистика департаменті директорының орынбасары (1993-1997); Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің директоры, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (1997-1999); Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі және бірінші қаржы вице-министрі (1999-2001); Қазақстан Республикасының ішкі істер вице-министрі (2001-2002); Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі және бірінші қаржы вице-министрі (2002-2003); Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Төрағасының орынбасары (2003-2004); Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы (2004-2006); Еуразия Даму Банкі басқарма төрағасының орынбасары - Жобалау қызметі жөніндегі басқарушы директор (2006-2007); ҚР қаржы министрі (2007-2013); ҚР өңірлерді дамыту министрі (2013-2014); «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы (2014-2019); Қазақстанның ұлттық коньки федерациясының президенті (2017 жылдан); «Цеснабанк» АҚ тәуелсіз директоры (2019 жылғы ақпаннан); «First Heartland Jýsan Bank» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор.

«Құрмет» (2005), «Парасат» (2011) ордендерімен марапатталған.

null 49 жыл бұрын (1970) «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ (КОРЭМ) АҚ Басқарма төрағасы Еділ Құдайбергенұлы КӨПЕНОВ дүниеге келді.

Ол Алматы облысында туған. 1994 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетін «Тарих және құқық» мамандығы, 2002 жылы Д.А.Қонаев атындағы университетті «Қаржы және кредит» мамандығы, 2011 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Электр энергетик» мамандығы бойынша аяқтады.

1992-1996 жылдары - «Азияторгсервис» кәсіпорны, коммерциялық директор; 1996-1997 жылдары - Қаратал ауданының жұмыспен қамту орталығы, талдау және еңбек нарығы бойынша бас маман; 1997-2002 жылдары - Алматы облысының Қаратал ауданының әкім аппараты, ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің басшысы; 2002-2003 жылдары - «Үштөбе электр желілер ауданы» ААҚ, президент; 2003-2004 жылдары - «Талдықорған акционерлік транспорттық электржелілік компаниясы», электр энергиясын өткізу бөлімінің басшысы; 2004-2008 жылдары - «АстанаЭнергоСбыт» ЖШС, бас директордың орынбасары; 2008-2008 жылдары - «СевКазЭнерго Петропавл» ЖШС, басшы орынбасары; 2009-2011 жылдары - «Солтүстік Қазақстан Энергоорталығы» ЖШС, директор; 2011-2013 жылдары - «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» АҚ, басқарма төрағасы; 2014-2015 жылдары - «СевКазЭнерго» АҚ, басқарма төрағасы; 2016 жылғы 1 маусымнан бастап - «КОРЭМ» АҚ, басқарма төрағасы.

Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының Директорлар кеңесінің мүшесі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Энергетика комитетінің мүшесі.