28 маусымда Парламент сессиясының жабылуына арналған бірлескен отырыс өтеді

АСТАНА. 24 маусым. ҚазАқпарат - 28 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді.

28 маусымда Парламент сессиясының жабылуына арналған бірлескен отырыс өтеді

Бұл отырыс 5-ші шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясының аяқталуына арналады. Сондай-ақ 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Сенаты мен Мәжіліс тарапынан заң шығарушы биліктердің атқарылған шаралары қорытындыланады. Бұл туралы бүгін елордада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Бұдан бөлек, 26 маусымда Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулиннің жетекшілігімен палатаның жалпы отырысы өтеді. «Онда «Ішкі істер органдары туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланатын болады», - деді ресми өкіл.