28 наурыз ел аумағында ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28 наурыз, дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклон және атмосфералық фронттар әсер етеді. Осыған байланысты жаңбыр мен қар жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Қазгидромет мәліметіне қарағанда Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ, солтүстік жартысында бұрқасын соғады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы облысының оңтүстігінде және шығысында жел қарқыны - 15-20 м/с. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында тұман болады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, таңертең және күндіз таулы аудандарда жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ, тұман, облыстың басым бөлігінде желдің күші - 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың басым бөлігінде жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с дейін күшейеді, түнде облыстың батысында – тұман, күндіз шығыста шаңды дауыл соғады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел қарқыны - 15-20 м/с.

Қостанай облысында желдің күші - 15-20 м/с, батыста, солтүстікте екпіні - 25 м/с жетеді, батыста, солтүстікте - жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың шығысында – тұман түседі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, екпіні 15-20 м/с жел, түнде және таңертең облыстың шығысында тұман.

Павлодар облысында жолдарда көктайғақ, облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында – бұрқасын, жолдарда көктайғақ, батысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, күндіз облыс орталығында жел қарқыны - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Соңғы жаңалықтар