28 наурызда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

10.00-де Мәжілісте Үкімет сағаты өтеді. Атқарушылық іс жүргізуде тараптардың құқықтарын қорғау мәселе қаралады.
Үкімет сағаты аясында пленарлық отырыс залының фойесінде тақырыптық көрме ұйымдастырылады.
10.20-да Достық үйінде «Семей ядролық полигонында әскери қызмет өткерген әскери қызметшілердің әлеуметтік мәртебесін көтеру және ардагер мәртебесін беру» тақырыбында республикалық конференция өтеді.
Шараға депутаттар, министрлер және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қатысады.
Ұйымдастырушы: ҚР Семей ядролық полигоны ерекше қауіп басқармасының ардагерлер мен мүгедектер қауымдастығы.
11.00-де ҚР ІІМ-де онлайн-трансляция форматында брифинг өтеді. Брифинг тақырыбы - есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар.
Спикер: Қазақстан Республикасы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.
11.00-де Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да ҚР ҰҒА академигі Серік Қирабаевтың 95 жылдығына және ҚР ҰҒА академигі Әлия Бейсенованың 90 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
12.00-де ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің YouTube арнасында тікелей эфирде Қазақстан азаматтарының төлем қабілетін қалпына келтіру және банкроттық туралы заң жобасы бойынша жария тыңдау өтеді.
Спикерлер: бірінші қаржы вице-министрі М.Е. Сұлтанғазиев, қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Қ.И.Миятов.
14.30-да ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде Рамазан айына дайындық туралы баспасөз конференциясы өтеді.
Спикерлер: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар.
Көрсетілім сілтемесі: Youtube және Facebook.