28 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың басым бөлігінде фронтальды ауа ағымының өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
None
None

Кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан, күндіз Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Жамбыл, Қарағанды, түнде Ақтөбе облыстарында тұман, көктайғақ болады, жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан, Павлдар облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Қызылорда облысында көктайғақ болып, желдің күші 15-20 м/с болады. Атырау облысында жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, екпіні 17-22 м/с-қа дейін барады. Батыс Қазақстан облысы мен Қостанай облыстарында да желдің күші 15-20 м/с болады, кей жерлерде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында 17-22 м/с жел соғып, көктайғақ болады.

Соңғы жаңалықтар