«28 панфиловшылар» фильмі қазан айында прокатқа шығады

АСТАНА. ҚазАқпарпат - Қазан айында прокатқа «28 панфиловшылар» фильмі шығады, деп хабарлады ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
None
None

«Қазан айында «28 панфиловшылар» фильмі прокатқа шығады. Бұдан басқа биылғы жылы біз Қазақстан хандығының 550 жылдығына арналған сериалымызды шығаруды жоспарлап отырмыз. Біз аздап созып алдық. Полотноны үлкен етіп түсірдік. Күзде үлкен прокатқа шығарамыз деп отырмыз», - деп сендірді А.Мұхамедиұлы халықпен есепті кездесуі кезінде.

Сондай-ақ Министр Үкімет тапсырмасы бойынша ведомство ҚР киноиндустриясын дамыту тұжырымдамасын дайындап жатқанын жеткізді, бұл сала нағыз жаңа деңгейге шығарылады, деп қосты ол.

«Бұл үшін құқықтық және құрылымдық өзгерістер керек, өйткені біздің бірегей «Қазақфильм» студиямыз бар. Алдымен біздің фильмдерді кең прокатқа бағыттау керек. Біз жақсы фильмдер шығарып жүрміз, бірақ та оларды үлкен прокатқа шығарудың тетігі жоқ», - деді А.Мұхамедиұлы.

Соңғы жаңалықтар