28 сәуір күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 28 сәуір күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
9.00-де «Rixos President Astana» қонақ үйінде «Жасанды интеллект дәуірі: қазақ медиасын қайта зерделеу» атты қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VI форумы өтеді.
9.00-де Мемлекеттік басқару академиясында «Ашық үкімет және жаңа басқару мәдениеті: есту, түсіну, әрекет ету» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
11.00-де Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин халықпен кездеседі.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік: қазіргі жағдайы мен даму перспективалары» атты баспасөз мәслихаты өтеді. https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
16:00-де ҚР Ұлттық музейінде тарих ғылымдарының кандидаты, қару зерттеуші-этнограф, суретші Қалиолла Ахметжанның «Қазақ батырларының қару-жарағы» атты көрмесі ашылады.
16.00-де Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы басталады. Күн тәртібінде «Astana» ӘКК АҚ және оның еншілес ұйымдары жұмысының тиімділігі қаралады.