28 сәуір күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 28 сәуір күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.

28 сәуір күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА

9.00-де «Рамада Плаза» қонақ үйінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен Қазақстан анестезиологтары мен реаниматологтарының II Халықаралық конгресі басталады.

10.00-де Қазақ ұлттық өнер университетінде Мәжит Бегалиннің «Это было в Шугле» фильмінің тұсаукесері өтеді.

15.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлының Назарбаевтың төрағалығымен Ассамблеяның «5 әлеуметтік бастама - қоғамның әлеуметтік бірлігінің негізі» атты XXVI сессиясы өтеді.

19.00-де Қазақ ұлттық өнер университетінде 2018 Changwon K-Pop World Festival (Всемирный Чангвондағы К-поп фестиваль 2018) корей поп-музыкасы фестиваль-байқауының қазақстандық іріктеу туры өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де Halyk Arena сарайында Алматы қаласы әкімінің Кубогына TechСup - 2018 робототехника және инновациялық технологиялар чемпионаты басталады.

10.00-де Түргендегі алма бақтарына баспасөз туры басталады. Сапар аясында Алматы мен алматылық агломерацияның маркетингтік стратегиясы туралы айтылады.

11.00-де Алматы қалалық жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры «Жастар буккроссингі» аясында Depo Evolution Park жастар орталығында «Еркін кітап сөресін» ашады.


АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

9.00-де Тәуелсіздік алаңында және «Алтын ғасыр» сауда үйінің алдында Ақкөл, Атбасар, Астрахан, Бұланды аудандарының және Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мен кәсіпорындарының қатысуымен жәрмеңке өтеді. Жәрмеңкеде ет, сүт өнімдері және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен бағамен ұсынылады.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

10.00-де жастар арасында салауатты өмірді насихаттау мақсатында Атырау қалалық әкімдігі мен «Жас өрен» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастар нашақорлыққа қарсы!» қалалық марафоны өтеді.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

28-29 сәуір күндер сағат 9:00-14:00-ге дейін ОҚО әкімдігі, «Даму» қоры, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы және «Ырыс» микроқаржы ұйымының ұйымдастыруымен қазақстандық тауар өндірушілері - «Еңбек» жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы қатысушыларының жәрмеңкесі өтеді. Өтетін орны: «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы» ғимаратының алдында

СЕМЕЙ

10.00-де № 12 мектеп қалалық жалпы білім беретін мектептерінің жас инспекторлар қозғалысы жасағының байқауы өтеді.

11.00-де Степной кетіндегі ипподромда қалалық ат жарысы байқауы басталады.