28 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 28 сәуір күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы өтеді.
11.00-де ҚР Қарулы Күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи музейінде әскери борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан полковник Марат Едігеевті еске алу кеші өтеді.
14.00-де Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстандағы дінтану әлемдік дінтану контексінде: өткен жол, дәстүрлер, даму үрдістері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
14.30-да ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның автокөлік өнеркәсібін дамыту мәселелері туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков, Қазақстан автобизнес қауымдастығының Вице-президенті Анар Мақашева, «СемАЗ» ЖШС Бас директорының орынбасары Қадыролла Жұмағұлов.
Көрсетілім сілтемелері: Youtube және Facebook.
15.30-да Astana Polytechnic колледжінде студенттерге грант санын арттыру жөнінде түсіндірме жұмыстары жүреді.
16.00-де ҚР Ұлттық мұражайда белгілі қаламгер Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған «Бай-қуатты болайық!» атты көрме ашылады.
16.00-де Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша тұрақты комиссиясы отырыс өткізеді.
16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жұмыскерлердің еңбек құқығын қорғау, сонымен қатар ҚР кәсіпорындарында Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Заңның сақталуы» туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Нұрғалиев Ербол Жолдасбекұлы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары – ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Оспанқұлов Төлеген Қапақұлы.
Көрсетілім сілтемелері: Youtube және Facebook.
19.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында The Gala концерті өтеді.