28 сәуір. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 28 сәуір күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
55 жыл бұрын (1970) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Айжарықұлы СМАҒҰЛОВ дүниеге келді.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Нұра кеңшарында туған. Заң ғылымдарының докторы, профессор.
Еңбек жолын 1987 жылы жұмысшы болып бастады. 1988-1990 жылдар аралығында КСРО Қарулы күштері қатарында азаматтық борышын өтеген. Құқық қорғау органдарындағы қызметін 1991 жылы Ақтөбе қаласы ҚІІБ жанындағы ПБҚ ЖБ милиционері лауазымынан бастаған. 1991-1992 жылдары КСРО ІІМ Свердлов жоғары мектебінің тыңдаушысы; 1992-1995 жылдары ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің тыңдаушысы, аталған мектепті үздік бітірді. 1995-2000 жылдары ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің оқытушысы, адъюнкты, аға оқытушысы болған. 2000-2012 жылдар аралығында ҚР Қаржы полициясының академиясында қылмыстық құқық және криминология кафедрасының доценті, бастығы, Академия бастығының ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі орынбасары, Академия бастығының оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2012 — 2016 жылдар аралығында «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ директоры қызметін атқарған. 2016-2020 жылдары ҚР Парламент Мәжілісінің VI шақырылым депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.
2020 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.
Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) және Әділет министрлігінің құрмет грамоталарымен, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшiн», «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін», «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталған. Өзге де наградалары бар.
52 жыл бұрын (1973) «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Мәлік Қуанышбекұлы ЖҮЙРІКТАЕВ дүниеге келді.

Алматы энергетика институтын, Радиотехника және байланыс факультетін инженер-электроншы мамандығы және Алматы мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1995 жылы Алматы облыстық Телекоммуникациялар дирекциясынан бастаған. Қатардағы инженерден бастап, Қазақстанның жетекші байланыс кәсіпорындарының өңірлік бөлімшелерінің басшысына дейінгі жолдан өтті. «Қазақтелеком» ҰАК, «Транстелеком» АҚ жүйесі, жеке құрылымдарда түрлі басшылық лауазымдарында қызмет еткен. 2017-2019 жылдары «РҒБО» АҚ-да коммерциялық мәселелер жөніндегі вице-президент, аппарат басшысы лауазымдарында жұмыс істеді. «Қазақтелеком» АҚ-ның «Востоктелеком» ЖШС Бас директорының орынбасары қызметінде еңбек етті.
Қазіргі лауазымын 2020 жылғы қазаннан бастап атқарып келеді.
«Үздік байланысшы» құрметті атағының иегері.
48 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрлан Тәңірбердіұлы ЕРКЕБАЕВ дүниеге келді.

Таразда туған.
2000-2005 жылдары Жамбыл облысы Жуалы ауданында Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің мұғалімі болып қызмет етті. 2005-2011 жылдары әр түрлі мемлекеттік лауазымдарда, оның ішінде Жуалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің бас маманы, Жуалы ауданы әкімі аппаратының басшысы, Жуалы ауданы әкімінің кеңесшісі, Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, «Нұр Отан» ХДП Жуалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жуалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының бас маманы қызметтерін атқарды. 2011-2014 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің консультанты, 2014-2015 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы, 2015-2016 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы, 2016-2020 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарған. 2020 -2020 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Стратегиялық жұмыс және халықаралық бағдарламалар департаментінің бас консультанты, 2020-2021 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің әкімшілік басқармасының басшысы, 2021-2024 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы қызметін атқарды.
Қазіргі лауазымын 2024 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді.
47 жыл бұрын (1978) Абай облысы экономикалық тергеу департаментінің басшысы Ержан Ерғалиұлы БӨЛЕГЕНОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетін бітірген.
Еңбек жолын Астана қаласының прокуратурасында бастаған. 2009-2015 жылдары Астана қаласының Есіл ауданы және Ақмола облысы Көкшетау қаласының прокуроры қызметтерін атқарды. 2015-2018 жылдары Павлодар қаласының прокуроры, 2018-2019 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, 2019-2021 жылдары Түркістан облысы прокурорының орынбасары, 2021-2025 жылдары ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша экономикалық даму департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.
Қазіргі лауазымын 2025 жылдың наурыз айынан бері атқарып келеді.
«Жауынгерлік ерлігі үшін», «Астананың 10 жылдығы» медальдарімен марапатталған.
46 жыл бұрын (1979) қазақ шахматшысы Дәрмен Қанатұлы СӘДУӘҚАСОВ дүниеге келді.

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универсиетін «аударма ісі» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы Carnegie Mellon University Мемлекеттік басқару магистрі (АҚШ). Қазақстан-Британ техникалық университетінің доктарантурасын аяқтады. Кембридж Нидерланды қайта даярлау институттарында «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша оқыту курстарынан өткен. Еңбек тәжірибесі: ҚР Президенті Әкімшілігі Стратегиялық зерттеулер және талдау орталығының консультанты, сектор меңгерушісі (2009-2011); ҚР Шахмат федерациясының вице-президенті (2011 жылдан бастап). Қазақстан, АҚШ, Индонезия, Дания, Ресей, Украина, Латвия және өзге елдердегі гроссмейстерлік турнирлердің жеңімпазы.
«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.
41 год жыл бұрын (1984) «Бәйтерек» ҰБХ АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Тимур Нұрланұлы ОҢЖАНОВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Санкт-Галлен университетін (Швейцария), Берн университетін (Швейцария) бітірген.
Еңбек жолы: 2013-2016 жылдары Deutsche Bank AG (Франкфурт, Германия) жобалық қаржыландыру мәмілелерін ұйымдастыру бойынша құрылымдық сауда-экспорттық қаржыландыру бөлімінде сату бойынша менеджері болды. 2016-2024 жылдары «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) жұмыс істеп, онда активтерді және ірі жеке капиталды басқару жөніндегі қызметтер нарығын дамыту департаменті директорының орынбасары, активтерді және ірі жеке капиталды басқару жөніндегі қызметтер нарығын дамыту департаментінің директоры, бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор, Бас директордың Халықаралық бизнес пен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бірінші орынбасары, сондай-ақ АХҚО әкімшілігінің қаржы секторы бойынша бас өкіл — атқарушы директоры лауазымдарын атқарды.
Қазіргі лауазымын 2024 жылдың маусым айынан бастап атқарып келеді.
41 жыл бұрын (1984) CNPC International Kazakhstan акционерлерімен жұмыс жөніндегі басқарушы директор Ержан Довулбайұлы ӘБІЛХАНОВ дүниеге келді.

Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебін бітірген. 2006 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің мұнай және газ факультетін бітіріп, «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша білім алған. 2009 жылы Малайзия технологиялық университетінде мұнай ғылымы саласының магистрі дәрежесін алған.
Түрлі инженерлік-басқару қызметтерінде жұмыс істеген:
кен орны, аға және жетекші инженер, одан кейін CMOC B.V. техникалық директоры,
Атырау облысы әкімінің орынбасары ҚР Энергетика министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры,
«Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ бас директорының орынбасары,
ҚПО (Karachaganak Petroleum Operating) консорциумының қазақстандық бизнесті дамыту жөніндегі басқарушысы. 2023-2025 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Мұнай және газ өндіру департаментінің директоры қызметін атқарды.
Қазіргі лауазымын 2025 жылдың наурыз айынан бері атқарып келеді.
39 жыл бұрын (1986) Alphabet Limited и Phoenix Fund Limited Partnership Бас директоры Ернұр Бүркітбайұлы РЫСМАҒАМБЕТОВ дүниеге келді.

Жезқазған қаласында дүниеге келген. Калифорния технологиялық институтын; Лондон Университеттік колледжін бітірген, дипломды қаржы талдаушысы (CFA Charterholder).
Еңбек жолы: JP Morgan Chase инвестициялық банкінің талдау бөлімшелерінде және Wilshire Associates, Inc инвестициялық компаниясында жұмыс істеді, 2017-2019 жылдары АХҚО үздіксіз кәсіби дамыту бюросының директоры (AIFC BCPD), 2019-2020 жылдары «АХҚО Әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 2020-2024 жылдары Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) әкімшілігінің басқарма төрағасы лауазымын атқарған.
2024 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.
121 жыл бұрын (1904-1974) тарихшы, ғалым Халел Мұхамеджанұлы ӘДІЛГЕРЕЕВ дүниеге келген.

Батыс Қазақстан облысында туған. Қазан шығыс педагогикалық институтын бітірген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының, Шымкент мұғалімдер институтының деканы, директоры, кафедра меңгерушісі, доценті қызметтерін атқарған. Ғалым қазақ әдебиеттанушылары мен тарихшыларының тұрпайы социалистік әдістемелеріне қарсы шығып, шоқантануды бастаушылардың, С. Аспандияров туралы алғаш қалам тартқандардың бірі болды. Кенесары хан бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы жөнінде тарихшы Е.Бекмахановтың тұжырымдамасын қолдағаны үшін саяси қуғынға ұшыраған. Тарих ғылымының кандидаты, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері.