28 шілде күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 28 шілде күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

28 шілде күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Жастар театрының» қызметі туралы» онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры» МКҚК басшысының орынбасары Ерболат Елубай. Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы instagram.com/rsk.astana ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

10.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Адам саудасына қарсы күрес: құрбандардың құқықтарын қорғау» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Адам саудасына қарсы күрес және қылмыстық процеске қатысушыларды қорғау басқармасының бастығы СаматиҚұсетов; Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қызметтер департаменті директорының орынбасары Гаухар Қалмақова; «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы Нұрлан Асанов; ҚР Халықаралық көші-қон ұйымы миссиясының/БҰҰ-ның көші-қон агентігінің ұлттық үйлестірушісі Алия Белоносова; Экономикалық зерттеулер институтының Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі хатшылықтың директоры Бақытгүл Хамбар; Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Тілек Хамитов; «Сана Сезім» әйелдер бастамашылығы құқықтық орталығы» қоғамдық ұйымының директоры (Шымкент қ.) Шахноза Хасанова. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

16.00-де елордалық жедел бригаданың саптық алаңында ҚР Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінің жеке құрамында 700-ден астам сарбаз бірінші рет жауынгерлік қызметке шығуына арналған іс-шара өтеді.

16.00-де Ұлттық музейде ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, көптеген халықаралық және республикалық көрмелердің қатысушысы Яссауи Ағытаевтың «Дәстүрге толы өмір» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.