15:14, 28 Шілде 2017 | GMT +5
28 шілдеде Астананың бірқатар көшелері жабылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 шілдеде Астанадағы бірқатар көшелеріде қозғалыс тоқтатылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты .

Қалалық автомобиль жолдары басқармасы Б. Бейсекбаев көшесінің бойында жол жөндеу жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр. Осыған байланысты төменде көрсетілген учаскелер бойынша көлік қозғалысы үшін жол жабылады.
Осылайша, 28-31 шілде аралығында -Кенесары көшесінен Абай даңғылына дейін Б. Бейсекбаев көшесінің учаскесі;
31 шілде 1 тамыз аралығы - А. Иманов көшесінен Кенесары көшесіне дейін Б. Бейсекбаев көшесінің учаскесі;
1-3 тамыз аралығы - Кенесары көшесінен Абай даңғылына дейін Б. Бейсекбаев көшесінің учаскесі;
Басрма елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліске тап болмас үшін баратын бағдарларын ала жоспарлап алуға кеңес береді.