28 шілдеде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 28 шілде күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

28 шілдеде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН

10:00-де «Замандас» отбасылық аула клубында «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі шараларды институцияландыру» әлеуметтік жобасы туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Онлайн қосылу сілтемесі: ZOOM https://us06web.zoom.us/j/86533131174?pwd=SWZ6bWJBdnk4dTdVSUtZRnR6NzNkUT09. Конференция идентификаторы: 865 3313 1174, коды: 123456

11:00-де Қазақстан халық партиясы кеңсесінде киік популяциясын қадағалау мәселелері бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.

15:00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Мәдениет және спорт министрлігі Геральдикалық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған «Мен қазақтың баласы» жас ақындар айтысы өтеді.

17:00-де PaperLab Facebook парақшасында https://www.facebook.com/paperlabkz «Қазақстандық жастардың саясатқа қатысуы: цифрлық технологиялардың рөлі» атты пікірталас өтеді.

17:00-де «Chaplin Mega Silk Way» кинотеатрында Денис Теннің сценарийімен түсірілген «Слепая любовь» туындысы көрсетіледі.