28 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 28 желтоқсан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

анонс
Фото: Агентство Kazinform

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы басталады.

11.00-де Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімдігінің 2023 жылғы атқарған жұмысы туралы баспасөз конференциясы өтеді.

12.00-де Көктал шағын ауданында алғашқы толық күндік «KOKTAL GARDEN SCHOOL» бастауыш мектебі ашылады.

19.00-де Астана Балет театрында «Щелкунчик» балеті қойылады.