28 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 28 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.
11.00-де QAZAQSTAN жеңіл атлетикалық спорт кешенінде ҚР Ұлттық құрамаларына арнайы спорттық құрал-жабдықтары мен мамандандырылған киім-кешектерді табыстау рәсімі өтеді.
10.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
10.00–де Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.
18.00-де «ЭКСПО» Халықаралық көрме орталығында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин азаматтармен, қоғам және бизнес өкілдерімен кездеседі, оның ішінде азаматтарды жеке қабылдау өткізеді.
19.00-де «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Жұлдызды Жаңа жыл» фестивалі аясында «SAZ&SOUL» вокалды-инструментальды ансамблінің мерекелік концертін ұсынады.
19.00-де «Астана Балет» театрында «Щелкунчик» балеті ұсынылады.
Фото: rszaccountancy.co.uk