28 желтоқсанда Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 28 желтоқсан күні елімізде өтетін ең маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.
None
None

АСТАНА

10.00-де «АЯЛА» қайырымдылық қоры Астана қ. Арнайы түзету мектеп-интернатының үйден оқитын 140 оқушысына арналған мерекелік жаңажылдық шара өткізеді.

10.00-де  ҚР Парламенті Сенатының отырысы басталады.

11.00-де Ілеспе түзетулері бар «Арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтар туралы» заң жобасы таныстырылады.

11.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының кедендік кодексіндегі өзгерістер туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде ЭКСПО технологияларын енгізу жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді.

16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанның ММА федерациясының 2017 жылы халықаралық аренада қол жеткізген табыстарына арналған баспасөз мәслихаты болады.

АЛМАТЫ

11.00-де «Дакар - 2018» ралли-марафоны қарсаңында Алматы қаласындағы World Class фитнес-орталығында «Астана» ралли-рейд командасының баспасөз мәслихаты өтеді.

Соңғы жаңалықтар