28 желтоқсанда Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенбі күні Қазақстанның екі қаласында ауа сапасының ластануы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
None
None

28 желтоқсанда Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында ауа сапасының ластануы күтіледі.

Синоптиктердің болжамынша, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Балқаш, Тараз, Теміртау және Өскемен қалаларында жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар