280 мыңға жуық қостанайлық COVID-19 вакцинасын алды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында халықтың 55%-дан астамы коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Вакциналауға бірінші және екінші компонентті салып отыратын кабинеттері бар 31 медициналық ұйым жұмылдырылды. Вакциналауды 181 стационарлық және көшпелі екпе пункттері жүзеге асырады.

«Бүгінгі күні облысқа вакцинаның бірінші компонентінің 346 655 дозасы, екінші компонентінің 285 385 дозасы жеткізілді. 277,8 мың адам немесе халықтың 55%-ы вакцина салдырды. Екінші компонентті алғандар үлесі – 42,7%, яғни 215,4 мың адам», - деп мәлімдеді ведомстводан.

Вакциналауды арнайы оқытылған 426 медициналық қызметкер жасайды.

Бір күн бұрын Қостанай облысына Sinopharm вакцинасының 43 мың дозасы жеткізілген болатын.


Авторы Жанна Мұсабаева


Соңғы жаңалықтар