29 ақпан күнгі Мәжілістің жалпы отырысында бюджет жоспарына енгізілетін толықтырулар талқыға салынады

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - 29 ақпан, сәрсенбі күні, Мәжілістің жалпы отырысы өтеді.

29 ақпан күнгі Мәжілістің жалпы отырысында бюджет жоспарына енгізілетін толықтырулар талқыға салынады

Жалпы отырыста «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012 - 2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы»Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» заң жобалары Палатаның талқысына шығарылатыны көзделуде.

Депутаттар ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаевтың, ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішевтің, ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Данияр Ақышевтың баяндамаларын тыңдайды. Сондай-ақ Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова қосымша баяндама жасайды.

Жалпы отырыстың күн тәртібі басқа да мәселелермен толықтырылуы ықтимал. Бір ескеретін жайт, жалпы отырыс әдеттегідей 10-да емес, сағат 15-00-де басталғалы тұр.