29 қаңтар. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 29 қаңтарға арналған күнтізбесін ұсынады.

29 қаңтар. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

29 қаңтар, СӘРСЕНБІ

Молдовада прокуратура қызметкерлерiнiң күнi.

Украинада өрттен қорғау қызметкерлерiнiң күнi. Жыл сайын қаңтардың 29-ында аталып өтеді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

80 жыл бұрын (1934) Шымкент қорғасын зауыты іске қосылды. Қазір осы зауыт ТМД елдері бойынша қорғасын қалдықтарын өңдеу ісімен айналысатын ең ірі кәсіпорын болып есептеледі.

22 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

21 жыл бұрын (1993) Швейцарияның Давос қаласында Бүкілдүниежүзілік экономикалық форум өтті. Оған Елбасы Н.Ә.Назарбаев қатысып, «Бритиш» және «Аджип» компаниялары Қазақстандағы ірі Қарашығанақ мұнай-газ кен орнын игеруге жарияланған тендерді ұтып алғанын хабарлады.

16 жыл бұрын (1998) «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Талғат Мұсабаев бастаған халықаралық экипаж ғарышқа аттанды.

15 жыл бұрын (1999) Олжас Сүлейменовтің Ізгілік академиясы ашылды.

7 жыл бұрын (2007) Румынияның Бая Маре қаласында қазақстан-румын бірлескен «Ромалтын» серіктестігінің тұсаукесер рәсімі өтті.

4 жыл бұрын (2010) Павлодарда «Ұрпағым, саған арналады» («Тебе, товарищ потомок») деген атпен жаңа кітап жарық көрді.

Оның авторы, Ұлы Отан соғысының ардагері, облыстық өлкетану мұражайының бұрынғы директоры Михаил Гапон, кітап беттерінде атақты павлодарлықтардың - Кеңес Одағы Батырларының, Даңқ орденінің толық иегерлерінің, өмірбаяндары жарияланып отыр. Автор сондай-ақ, Александр Невский орденімен марапатталған жерлестері туралы да әңгімелейді.

Басылымның бетінде Ауғанстанда жауынгерлік борышын өтеу кезінде қаза тапқан интернационал-жауынгерлердің есімдері де бар. Оған қоса, 1941 жылы Мәскеуде өткен Жеңіс шеруіне қатысқан павлодарлықтардың толық есімдері алғаш жарияланып отыр. Және Жеңістің 60 жылдығына орай Астанада өткен парадқа қатысушылардың есімдері де басылған.

«Ұрпағым, саған арналады» кітабы - Михаил Гапонның жерлестері мен қаруластарына арнаған екінші кітабы. «Олардың есімі мәңгі ұмытылмайды» («Их имена увековечены») деп аталатын алғашқы кітабы 2001 жылы жарық көрген болатын.

4 жыл бұрын (2010) Көкшетаудағы «Достар» мәдениет үйінде шешен-ингуш мәдениетінің күні өтті.

4 жыл бұрын (2010) Қазақстандық әнші Маша Мудряк Италиядағы «Raccomandati» телевизиялық конкурсының жеңімпазы атанды.

4 жыл бұрын (2010)Алматыда «Ретро» галереясында қазақстандық суретші Юрий Харченконың «Цвет и нежность» көрмесі ашылды.

4 жыл бұрын (2010) Ақмола облысы Сандықтау ауданында аудандық ІІБ-де даңқ музейі ашылды.

4 жыл бұрын (2010) Қытайдың астанасына алғаш рет «Түркіменстан - Өзбекстан - Қазақстан - Қытай» газ құбыры бойынша Орталық Азиядан табиғи газ жеткізілді.

3 жыл бұрын (2011) Алматыда MEGA Alma-Аta ірі сауда-сауықтыру орталығының жаңа мега-аумағының ресми ашылуы өтті.

3 жыл бұрын (2011) Қарағанды облысы Теміртау қаласынан Астанаға VII қысқы Азия ойындарының алауы жеткізілді.

1 жыл бұрын (2013) Қостанай облыстық ІІД «Динамо» қауымдастығының спорттық залы ашылды.

1 жыл бұрын (2013) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» ҚР Заңына қол қойды.

ЕСІМДЕР

8 4 жыл бұрын (1930-1992) қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі ЖАНДОСОВ Санжар Оразұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған.

Өзбекстандағы Қоқан мұнай техникумын, Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), СОКП ОК жанындағы Қоғамдық Ғылым Академиясын бітірген.

Атырау облысындағы Қосшағыл, Құлсары мұнай өндіру кәсіпшіліктерінде, Қазақ КСР жоспарлау комитетінің экономисі, Алматы қалалық партия комитетінің нұсқаушысы, Алматы облыстық партия комитетінің насихаттау бөлімінің меңгерушісі, Мемлекеттік теле-радиохабарлары комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан КП ОК насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі, Алматы қалалық партия комитетінің хатшысы, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институтының директоры, Қазақстан КП ОК-нің ғылым мен оқу орындары бөлімінің меңгерушісі, Кәсіби-техникалық білім беру мемлекеттік комитетінің төрағасы, Шымкент облыстық атқару комитетінің төрағасы, Еңбек жөне әлеуметтік мәселелер жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасы қызметтерін атқарған.

Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі 3-шақырылым депутаты. Қазақстан кәсіпкерлері конгресінің тұңғыш президенті. Қазақстанның демократиялық жаңаруына, республика экономикасының нарық қатынасына ауысуына және елімізде жеке кәсіпкерліктің дамуына зор үлесін қосты.

«Принципы оптимизации регионального планирования», «Системный анализ в региональном планировании», «Оптимизация отраслевых и региональных комплексов Казахстана» (бірлескен авторлықта), «Экономические проблемы размещения сельского хозяйства в Казахстане» (бірлескен авторлықта) атты кітаптардың авторы.

Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.

78 жыл бұрын (1936-1999) жазушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері СҮНДЕТОВ Мағзом дүниеге келді.

Атырау облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген. «Жазушы» баспасының редакторы, аға редакторы, бөлім меңгерушісі болып істеген. 1990-1996 жылдары «Ана тілі» баспасының бас редакторы болған. Тұңғыш әңгімелер жинағы 1961 жылы «Жол айрығы» деген атпен жарық көрген. «Балық аулай барғанда» әңгімелері, «Күтемін сені, Дидар», «От ішіндегі адам» повестері, «Үзеңгі жолдас», «Құмдағы ауыл», «Еліктің лағы» повестер мен әңгімелері, «Ескексіз қайық», «Қызыл ай» романдары, т.б. шығармалары жарық көрген. Жазушының көптеген туындылары неміс, чех, венгр, югослав, т.б. тілдерге аударылған.

«Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

78 жыл бұрын (1936) М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері ОРАЗБАЕВ Сәбит Қоңырбайұлы дүниеге келді.

Шымкент облысында туған. Құрманғазы атындағы өнер институтының театр факультетін бітірген. «Сәбит Оразбаев» монографиясының авторы. 1959 жылдан - Алматы киностудиясының актері. Қазіргі қызметінде - 1960 жылдан бері. «Қабыл - Адамның ұлы» (Ібіліс), «Абылай хан» (Бұқар жырау), «Ревизор» (Городничий), «Жүрейік, жүрек ауыртпай» және басқа да спектакльдерде ойнаған, көптеген кинофильмдерге түскен. Еңбек Қызыл ту, «Парасат», «Отан» ордендерімен. ҚазақКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

51 жыл бұрын (1963) «Алақай» Ақтөбе облыстық қуыршақ театрының директоры ҚҰРМАНАЛИНА Әсия Тәжібекқызы дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. Алматы технологиялық техзникумын, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген.

1982 жылдан - Ақтөбе облыстық драма театрының безендіруші-суретшісі. 1989 жылдан - Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрында бас суретші. Қазіргі қызметінде - 2009 жылғы қаңтардан бері. Театр қайраткерлері одағының, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, UNIMA (Қуыршақ театрлары қайраткерлерінің халықаралық одағы) мүшесі. ҚР Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссияның «Қанатты әйел ІІ» байқауының дипломанты. Мәдениет қайраткері.

48 жыл бұрын (1966) жазушы, сатирик, Балғабек Қыдырбекұлы атындағы сыйлықтың тұңғыш иегері ӘБДІРАМАН Ермахан Шайхыұлы дүниеге келді. Түркістан қаласында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген.

1986-1988 жылдары - Түркістан қаласындағы «Қайта қалпына келтіру» шеберханасының жұмысшысы, 1991-1992 жылдары «Қазақ университеті» (қазіргі «Санат») баспасының редакторы. 1993-1995 жылдары - «Түркістан» газетінің мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Түркістан қалалық әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы, «Түркістан» тынысы» телеарнасының директоры, 1995-1996 жылдары «Тұран» телеарнасының редактор-режиссеры, 1996-1999 жылдары - Түркістан қалалық мәдениет бөлімінің режиссер-сценаристі, 1999-2006 жылдары - Әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық университетінің оқытушысы. 2000-2001 жылдары - «Бикеш» республикалық қыз-келіншектерге арналған газеттің бас редакторы, 2001-2007 жылдары - «Айқын» газетінің тілшісі, «Дала мен қала» газеті бас редакторының орынбасары, «50 де 50» газетінің бас редакторы, 2007-2009 жылдары - «Айқын» газетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. 2009 жылдан - «Айқын» газеті бас редакторының орынбасары. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында қайта ашылған «Қымызхана» әзіл-оспақ отауының сценарийлерін жазған.

«Ауыз тие отырыңыз», «Бір түрлі кітап», « Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл», «Қазіргі қазақ сатирасы», «Мынауың жынды екен» атты көмекші оқу құралының авторы.

38 жыл бұрын (1976) Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары ОСПАНОВ Берік Серікұлы дүниеге келген Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Орталық Азия университетін, Қазақ экономика және агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтын, аспирантураны, докторантураны бітірген. Экономика ғылымдарының докторы.

1997-2002 жылдары - Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институтының Мыңбаев атындағы тәжірибе шаруашылығының экономисі, Қазақ экономика және агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институты аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамыту стратегиясы департаментінің бөлім бастығы.

2002-2004 жылдары - Агроөнеркәсіп кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешенін дамыту стратегиясы департаментінің директоры.

2004-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының президенті қызметтерін атқарған.

2009 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.

17 1 жыл бұрын (1843-1901) АҚШ-тың 25-ші президенті Уильям МАК-КИНЛИ дүниеге келді.

154 жыл бұрын (1860-1904) орыс жазушысы ЧЕХОВ Антон Павлович дүниеге келді.

Ресей Федерациясы Ростов облысы Таганрог қаласында туған. Мәскеу университетін бітірген.

Әдеби жолын 19 ғасырдың 70-жылдары бастаған.

«Сағыныш», «Студент», «Құндақтаулы адам», «Ит жетектеген әйел», «Дала», «Ваня ағай», «Шағала», «Шие бағы», «Иванов», «Апалы-сіңлілі үшеу», «№6 палата», атты әңгіме, повестердің, романдар, драматургиялық шығармалардың, очерктердің авторы.

Әңгімелері, таңдамалы шығармалары қазақ тілінде бірнеше том болып басылып шыққан.

8 3 жыл бұрын (1931-2011) венгр мемлекеттік және саяси қайраткері, Венгрияның 2000-2005 жылдардағы 5-ші президенті Ференц МАДЛ дүниеге келді.

5 4 жыл бұрын (1960) армян мемлекет қайраткері, Армения Республикасының премьер-министрі САРКИСЯН Тигран Суренович дүниеге келді.

44 жыл бұрын (1970) кеңестік және ресейлік композитор, әнші, продюсер, Ресей халық әртісі МАЛИКОВ Дмитрий Юрьевич дүниеге келді.